https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/am-orshyly-ke-es.html#sigFreeIdb4d3641975
М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде қамқоршылық кеңестің жиналысы өткізілді. Қамқоршылық кеңесінің бағыттары: білім беру, әлеуметтік – мәдени, сауықтыру, дамыту бағытындағы іс – шараларға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан осал қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен жұмыспен қамтылуын жақсарту.
Қамқоршылық кеңес төрағасы Төребаев Мұхит Мұратбекұлы сөз алып, кеңес мүшелеріне өз алғысын білдіріп, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Жыл бойы мектепте әлеуметтік – мәдени іс-шараларды өткізуге ат салысу (мектеп ұжымымен, оқушылармен), әлеуметтік аз қамтамасыз етілген балаларды анықтау, көмек көрсету үшін заңды және тұлғаларға ашық хат дайындау, қайырымдылық шараларын тарту, оқушылар арасында тәрбиелік іс- шараларды ұйымдастыру барысында арнайы сала мамандарымен кездесулерді жүйелі ұйымдастыру, мектептің материалдық техникалық базасын жаңа оқу жылына дайындауға байланысты жоспарлы жұмыстарды атқаруға кеңес мүшелерін шақырды.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/am-orshyly-ke-es.html#sigFreeIda42bd6f44f
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Қамқоршылық кеңес |







