№15 мектеп-лицейдің тарихынан

    

 

Тәуелсіздікке қол жеткізіп,өз алдымызға дербес мемлекет аталып,өркениетті ел болуға ұмтылыс жасап отырған дәуірде тарихымызды,рухани болмысымызды танып білу керек болып отырған кезеңде,облысымызда айрықша орны бар мектеп-лицейдің өткен тарихына тоқталсақ.

Мектеп-интернат облыстық гимназия,қалалық гимназия,мектеп-лицей болып,қайта құрылғанға дейін жарты ғасырға жуық тарихы бар.

Мектептің негізі:1960 жылы 12 желтоқсанда малшылардың баласына арналған мектеп-интернат.

Арада мектеп-интернат мәртебесі бірінші рет өзгерген:

  • 15 наурыз 1961 жылы Ю.Гагарин атындағы мектеп-интернат.
  • 4 наурыз 1992 жылы Облыстық дарынды балаларға арналған гимназия.
  • 21 қараша 1997 жылы Облыстық гимназия.
  • 5 наурыз 2001 жылы Қызылордақалалық гимназия.
  • 10 қазан 2003 жылы қызылорда №15 қалалық гимназия.
  • 2009 жылдың желтоқсан айынан №15 мектеп-лицей.
  • 2017 жылы Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицей атауымен аталып келеді.

      Әр дүниенің өз тарихы бар дегендей,тарихтың үлкен кішісі жоқ.Тарихтың аты тарих.Сондықтан мектебіміздің өткен өмірі мен бүгінгісінен сөз қозғайық.

Мектеп негізі:1960 жылы 12 желтоқсанда малшылардың баласына арналған мектеп-интернат. Мектеп-интернаттың тұңғыш директоры Ким Петр Александрович болды.

     1961 жылдың көгілдір көктемінің жайма шуақ бір күнінде (сәуір айының 12 жұлдызы күні) бүкіл дүние жүзі бір ерге,бір елге таңданды. Ол ер-Гагарин!. Адам космос кеңістігіне көтеріліп, дүние жүзін дүр сілкіндірді. Шынында бұл тарихта теңдесі жоқ ерен ерлік еді.Осы теңдесі жоқ ерліктің құрметіне 1961 жылы сәуір айының 15 жұлдызында еңбекшілер депутаттары Қызылорда қалалық кеңесі атқару комитетінің қарары бойынша мектеп-интернатқа тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагарин есімі берілді.

        1961-1962 оқу жылында 1-қыркүйектен бастап мектеп-интернаттың директоры болып Тұрсын Мешітбаев тағайындалды. Ол оқу сапасына және оқу кабинеттеріне қатты көңіл бөлді. Эстетикалық тәрбиеге үлкен мән беріп, оқушылардың дүниеге көз қарасын, мәдениетін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды жолға қоя білді. Қызылорда облыстық драма театрының әртісі Кәнетовтың басшылығымен ұйымдастырылған драма үйірмесінің мүшелері қалаға жақын шаруашылық орталықтарына барып «Адасқан қаз», «Жалбыр» спектакльдерін қойып, халық сүйіспеншілігіне бөленді. Сөйтіп оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырды.

          1964 жылы қаңтар айынан бастап мектеп басшылығына Барақбаев Әжмағанбет келді. Мектеп-интернатта кабинеттік оқу жүйесіне көшу 1967-1968 оқу жылынан бастап жүргізілді. Сабақта кабинеттік жүйемен оқыту және оның сапасы жөніндегі облыстық байқау осы мектеп негізінде өтті. Осы оқу жылында мектеп-интернатта Республикада тұңғыш рет «Тәрбиешілердің педагогикалық озат тәжірибе мектебі» құрылып облыс мектептеріне таратылды. Қазақстан мектебі журналында бұл тәжірибе жарық көрді.

        1980-1982 жылдары мектеп директоры болып Бақытжан Бекішев тағайындалды.

        1982жылдан мектеп директоры болып Нағыметуллаев Салахметодан кейінгі кезеңдерде Досмайыл Бекішов, Махан Бержановтар жұмыс істеді. Досмайыл Бекішов басшылық жасаған жылдары мектепте оңды өзгерістер болды. Мектеп гимназия атағын алу үшін күресті. Орыс тілінен, араб тілінен, математикадан тереңдетіліп оқытылатын сыныптар ашылды. Мектептің дарынды балалар мектебі болып қайта ашылуына негіз жасалды.

        Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан кейін, болып жатқан қоғамдық өмірмен қоғамдық сұраныс,нарықтыққатынас,білімге деген жаңа талаптар қоя бастады. Мұның өзі жаңа типті мектептердің ашылуын обьективті түрде қажет ете бастады. Осыған байланысты Ю.А.Гагарин атындағы №1мектеп-интернат облыстық Білім департаментінің ұсынысы бойынша Қызылорда облысы әкімінің 1992 жылғы 4 наурыздағы шешімімен дарынды балалардың облыстық арнаулы мектеп-интернаты болып өзгертілді. Мектепті М.Мержанов басқарды.

        1994 жылы мамыр айында мектеп басшылығына Қызылорда қаласындағы №222 мектеп директоры болған Жәлиев Айғани тағайындалды. Жәлиев Айғани мектепке келгеннен бастап, өзін білікті ұстаз, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары екендігін көрсете білді. Мектеп облыстағы алдыңғы қатарлы мектептің біріне айналды. 1994-1995 оқу жылынан бастап мектептің материалдық базасын жасауға ерекше көңіл бөлініп, оқу кабинеттері бүгінгі күнталабына сай түгелдей қайта жабдықталды, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстармен айналысуына да осы жылдан бастап, мектепте үлкен мән беріле бастады.

       2002 жылдың 29 тамызынан бастап гимназия директоры болып Қосекеева Үміт Қажығалиқызы тағайындалды. Басшылық қызметімен қоса шығармашылық ізденісі арқылы мұғалімдерге үлгі көрсете білді. «Алтын белгі» үміткерлерінің санын арттырды.

 

2009 жылдың 11тамызынан мектеп-лицейге директор болып Күләш Тұрсынқызы Ежетаева тағайындалды  Оқу-тәрбие саласындағы заман талабына сай технология түрлерін қолдану, озат тәжірибені жариялау және басқа да игі бастамалар атқарды.

2009-2010 оқу жылы №15 мектеп - лицей ҰБТ қорытындысы және жетістіктері бойынша республикадағы «Ең үздік -100 мектеп» қатарына енді.

 

2013-2017 ж.ж мектеп-лицей директоры М.С.Төкен болды. Басқару ісінде ұжым мүшелерімен кеңес өткізіп, өзінің басқарушылық қабілетін көрсете білген білімді де білікті ұстаз, талап қоя білетін іскер басшы

 

2017-2020 мектеп-лицейді Серекеева Кумискул Дуйсенқызы болды. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша тереңдетіліп оқытудың оқу сапасын көтеру мақсатында жұмыс жасап келді. Оқушыларды ғылыми жоба, эстетикалық тәрбие берудегі жауапкершілігін арттыру міндетін еселендіруде нәтижелі еңбек көрсетуде.

 

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап мектеп-лицейін Кабира Тилеуова Ануарқызы басқарып келеді. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыруға,мектеп-лицейі білім алушылардың білім сапасын арттыруға жұмыс жасауда.