Құттықтаймыз!!!

 

№15 Мектеп-лицейімізде 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай «Еркін елдің ұланымыз!» тақырыбында ән байқауы өткізілді. Байқауға мектептегі жас өнерпаздар қатысып, өнерлерін ортаға  салды.

Нәтижесінде:

6 «Б» сынып оқушысы Айтуған Ермағамбет - 1 орын;

6 «А» сынып оқушысы Молдыразақ Мерей – ІІ орын;

7 «Б» сынып оқушысы Амангелді Торғын – ІІІ орын иеленді.

Байқауға қатысушы өнерпаздар Алғыс хатпен марапатталды.

Еңсесі биік егемен елдің ұрпақтарына сәттілік тілей отырып,Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын демекпіз!