Адами ойлау – табиғаттың адамзатқа берілген тамаша сыйы. Әрбір адам еңбекке бейім келеді.Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Мектеп-лицейіміздің 9 сынып оқушысы Серіков Мирас халық игілігіне қызмет етіп, Сыр өңірінің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Қызылорда қаласының ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Алдағы уақытта да тәжірибесі мен қажыр-қайратының арқасында волонтерлік қызметін адал атқара беретініне сенім білдіреміз.
Еліміздің негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын қабілетті ұландарымыз көп болсын.








