Мектеп-лицейіміздің ұжымы, бітіруші 11 сынып оқушылары Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына жолдауын ұйымшылдықпен тыңдап, ой бөлісіп, пікірлерін ортаға салды.
Жолдауды іске асыру аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық пәндік олимпиадаларды, шығармашылық конкурстар мен спорт жарыстарын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қолдауға бағытталған өзгерістер енгізілді.
Өскелен ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және еңбек, адамгершілік құндылықтарын кеңейту мақсатында білім кезеңінің алғашқы сабағы «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастарымыз аман болсын!







