МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!
Мектеп-лицейімізде 1 қыркүйек – Білім күніне орай, мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған 5 сынып және бітіруші 11 сыныптар үшін «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиын барысында мектеп басшысы Кабира Ануарқызы мектеп жетістіктеріне тоқтала отырып, ұстаздар мен оқушыларға, ата-аналарға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, тарих пәнінің мұғалімі Набат Махмудқызы мен 5 сынып ата-аналары мерекелік тілектерін айтты. Оқушылар әннен шашу шашып, мерекеге жыр шумақтарын арнады.
Шара соңы 5, 11 сынып үздік оқушыларының алғашқы қоңырау соғуымен өз мәресіне жетті.
”Менің Отаным - Қазақстан”тақырыбындағы білім күнінің сабағы барлық сыныптарда ертеңгі алғашқы оқу күнімен жалғаспақ.
Биылғы оқу жылы табысты болсын! Ел егемендігі мәңгі болсын!








