СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР СЕМИНАРЫ Мектеп-лицейімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде Қызылорда облысы білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Досаев Фархад Лиясұлы, Қызылорда облысы білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының Қосымша білім беру бөлімінің басшысы Асқарова Жұлдыз Галымжановна, Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры Құдайбергенова Гаухар Утаралиевна, Абылайхан атындағы №140 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақсылық Бақытжан Сапарғалиұлының қатысуымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және тәрбие парадигмасы» тақырыбында сынып жетекшілерге арналған біліктілікті арттыру семинары өткізілді. Шараны мектеп директоры Кабира Ануарқызы ашып, бүгінгі күнге сәттілік тіледі. Семинар барысында сала мамандары ”Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұн ерекшелігі: түйінді идеялар, құндылықтар жүйесі, мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтиже; Құндылықтар жүйесі және декомпозициясы; 2024-2025 оқу жылы бойынша ұсынылатын әлеуметтік жобалар және оларды жүзеге асыру бағыттары; Тәрбие жұмысының жылдық жоспары (жылдық, айлық, апталық жоспарлыр); ”Менің бауырым”жобасы, жүзеге асырылу алгоритмі; Білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының мақсаты, міндеттерін айта отырып, практикалық жұмыстар жүргізді. Семинар соңында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұн ерекшелігі туралы және жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс алынып, сынып жетекшілерге сертификаттар табысталды.