М.Дүйсенов атындағы № 15 мектеп-лицей бойынша мектеп директорының 2024 жылғы 02 қыркүйек №245 бұйрығымен бекітілген конкурстық комиссия отырысының

№1 хаттамасы

Өткізілген күні: 17.09.2024 ж.

Қатысуға тиісті: 7

Қатысқаны: 6

Күн тәртібінде:

  1. Конкурстық негізде жарияланған бір бірлік бос орын ағылшын тілі лауазымына үміткерлер құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы 3-тарау 154-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарау.
  2. Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жариялаған бос орындар лауазымына қызметкерді ұсыну.

Тыңдалды

  1. Конкурстық комиссияның хатшысы К.Ержанова 2024 жылдың қыркүйек айының 6-шы күні Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік парақшасында жарияланған бос орын ағылшын тілі үміткерлерден құжаттар түспегендігін және бос орын лауазымына төмендегіше үміткер өз құжаттарын жолдағандығын хабарлады.

Олар:

  • Мырзабекова Айгерим Базарбековна – (тұрақты) ағылшын тілі пәні бойынша;

Комиссия құрамына ағылшын тілі пәні бойынша 1 үміткер, барлығы 1 үміткердің құжаттары жолданды.

Сөйледі

Конкурстық комиссия төрайымы-М.Бекетова ағылшын тілі пәні лауазымына үміткер А.Мырзабекованың өткізілген құжаттары ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы ережесінің 3-тарау 154-тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес келгендіктен конкурсқа жіберілді. Үміткер А.Мырзабекованың өткізілген құжаттары ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы ережесінің 3-тарау 154-тармағында көрсетілген құжаттардың толық болмауы себебі конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстық комиссия мүшесі –И.Өтепбергенова М.Бекетованың сөзін қуаттап, үміткердің құжаттары заң аясында №57 бұйрықпен бекітілген ережеге сәйкес қаралғандығын атап өтті.

Конкурсқа жіберілген үміткер А.Мырзабекованың бағалау парағымен құжаттарын сәйкестендіру барысында жалпы жинаған ұпайы 26,5 балл болды.

Конкурстық комиссия мүшесі – К.Ержанова үміткердің құжаттарын толықтай қаралғандығын, барлығы конкурстық комиссия талаптарына сай өткізілгендігін жеткізді.

Шешім

Конкурстық комиссия төрайымы – М.Бекетова конкурстық комиссия мүшелерін дауыс беруге шақырды. Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру негізінде бір ауыз шешімімен ағылшын тілі пәні мұғалімі бос орнына – А.Мырзабекованың кандидатурасын ұсынады.

Комиссия төрайымы М.Бекетова

Хатшы К.Ержанова