АЙТЫС - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ МҰРАСЫ
Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрлігінің «ТӨРТ ТОҚСАН - ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарды жасөспірімдер бойына сіңіру мақсатында жоба тұжырымдамасы бойынша мектеп - лицейімізде ұлттық өнер айтысты насихаттап жүрген талантты жерлестеріміз, бірнеше дүркін республикалық айтыстарда топ жарған Мейрамбек Ибрагимов және Бексұлтан Орынбасаровпен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу барысында айтыскер ақындар айтыс өнерінің қыр - сырын айта отырып, қонақ кәделерін ортаға салды.







