Мектеп-лицейімізде мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне арналған Дублер күнін өткізу, сондай-ақ педагогтер, қамқоршылық кеңес және мектеп парламентінің мүшелері қатарынан бастамашыл топ құру туралы бұйрық шығарылып, мектеп дублері лауазымына және мектеп қызметкерлерінің дублерлеріне үміткерлер іріктелді.
Бастамашыл топ және мектеп-лицей басшысы Кабира Ануарқызы дублер-білім алушылармен жиналыс ұйымдастырып, дублер күні кезінде лауазымы ауыстырылатын және оларды ауыстыратын мектеп оқушыларына дублер күнінің мақсат-міндеттері мен ережелерін таныстырды.







