Монолог - сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай - күйін, толғаныс - тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл.
Мектеп - лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбындағы онкүндік аясында 8 - 9 сынып оқушылары арасында «Жүректегі жазулар» атты монолог оқу сайысы өткізілді.
Оқушылар жазушылардың шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан дүниесін, толғанысын бейнелеп көрсете білді.
Нәтижесінде үздік оқылған монолог анықталып, марапатталды.







