Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем

Ана тіліміз - рухани байлығымыздың, ұлттық болмысымыздың, тарихымыз бен мәдениетіміздің белгісі. Ол - біздің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұрамыз. Тілімізді білу, оны құрметтеу, дамыту - әрбір азаматтың парызы.

Мектеп-лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өткізілді.

Мектеп басшысы Кабира Ануарқызы ұстаздар мен оқушыларға жылы лебізін білдіре отырып, сәттілік тіледі.

Шара барысында оқушылар пән бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, сурет бойынша мақал-мәтелдер құрастырды.

Онкүндіктің жұмыс жоспары бойынша шаралар өз жалғасын таппақ.