Өзін-өзі басқару ұйымы
Дебат қозғалысының фракциясы
Мектеп-лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымының дебат фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен жасанды интеллект технологиясының жұмыс нарығына әсерін талдау және болашақтағы өзгерістерге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 9-сынып оқушыларымен «Б.П. Жасанды интеллект адам жұмыс орындарын алмастыра алады деп есептейді» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар тақырып бойынша негізгі дәлелдерді келтіре отырып, әр дәлелге нақты мысалдар, статистикалық деректер және логикалық дәлелдемелер келтірді.
Нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар марапатталды.







