Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Мектеп-лицейімізде «Тіл өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің қорытынды жиыны өткізілді.

Шара барысында онкүндік жоспар аясында өткізілген жұмыстар бойынша жеңімпаз оқушылар мен сыныптар марапатталды.