Белгілі бір мамандықтың ерекшеліктері мен артықшылықтарын ашып көрсету, мамандық өкілдерінің тәжірибесі мен кеңестері арқылы жастардың мамандық таңдаудағы шешімдерін жеңілдету мақсатында«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен әртүрлі маман иелерінің қатысуымен кездесу сағаты өткізілді.
Шараға:
Бекназарова Мөлдір Ахметқызы ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалы бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші маман - экономист.
Абдиева Айман Ғалымбекқызы-Қызылорда облысы бойынша іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, қазақы нақыштағы киім үлгілерін насихаттаушы, дизайнер.
Қатысушы қонақтар оқушылардың мамандықтың қыр-сыры туралы қойылған сұрақтарына жауап бере отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.







