Үлкендер жолы - ұлылық, Ұрпағы жүрер ұғынып!
Бүгінгі күн - бөлектеу күн, маңызды,
Маңыздысы - бүгін туған жан ізгі!
Алпыс мәрте Күнді айналған жұмыр Жер,
Сізге бақыт тілеп тұрған тәрізді.
Мектеп - лицейімізде өз ісінің маманы, облысымызға танымал спорт саласының ардагері, мектебіміздің аға буын өкілі, ұлағатты ұстаз - Мақсұт Сағындықұлының зейнеткерлікке шығуына арналған «Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты мерекелік кеш өткізілді.
Мақсұт Сағындықұлы - ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жан!
Ел спортының дамуына тамшыдай болса да өз үлесін қосып жүрген ұлағатты ұстаз!
Салтанатты шараны мектеп басшысы Кабира Әнуарқызы ашып, ізгі ниетін білдірді.
Мектеп ұстаздары мен оқушылары Мақсұт Сағындықұлына тілектер жолдап, әннен шашу шашты.
Мақсұт Сағындықұлы! Асқаралы 63 жасыңыз құтты болсын! Ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын!








