Мектеп - лицейімізде оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, келешекте қандай мамандық болса да, білімді болуға, еңбекті бағалай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 10 сынып оқушыларымен «Кім болам?» тақырыбында түрлі салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектерімен кездесу сағаты өткізілді.
Іс шара қонақтары:
TD clinic тіс дәрігері - Жансерік Төсбайұлы;
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі - Камал Ернат Закирұлы;
Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма прокуроры - Байділда Еркебұлан Мұханұлы;
Ыбырай ұлттық мектебінің мұғалімі - Тұрмағамбет Балдана Нариманқызы.
Шара барысында бейнебаяндар көрсетіліп, оқушылар мамандықтың қыр - сыры туралы қатысушы қонақтармен ой бөлісті.







