Тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді.

Мектеп асханасының жұмысы және балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын бақылау мақсатында комиссия мүшелерімен ата-аналар бірлесіп асхана жұмысына тексеру жүргізді.
Негізгі бақылауға алынған шаралар:
- Асхананың санитарлық жағдайын және тамақтану сапасына мониторинг жүргізу барысында асхананың жұмыс жасауға рұқсат етілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы талапқа сай болуы;
- Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болуы;
- Азық-түлік өнімдерін сақтайтын қоймаларда стеллаждар мен табандықтар, тауар қоятын орындар орнатылуы;
- Мектеп оқушыларының тағамын ұйымдастыруға арналған 4 апталық ас мәзірінің жасалып, бекітілуі;

Асханаға келген тағам өнімдерінің сапасы, олардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын, дайындау технологиясын, ас блогының санитариялық жағдайын бақылау жүргізілді. Ас мәзірі бойынша барлық тағамдар қамтылған. Бақылау асы қақпағы бар арнайы ыдыста тоңазытқышта сақталған. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай. Балаларға берілетін тағам ас мәзіріне сәйкес талапқа сай өлшеніп берілген.
Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған. Азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі, бекітілген ас мәзірі бойынша дайын ас нормасы талапқа сай екендігі анықталды.
Асхана жұмысына тексеру барысында жоғарыда көрсетілген талаптар өз уақытында дұрыс орындалып жатқанын байқады. Мектеп асханасына мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі жүргізіліп отыратын болады.