Мектеп парламенті
САҒЫНАДЫ МҰҚАҢДЫ СЫЗДАП ЖҮРЕК
Мұқағали Мақатаев - қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, лирик ақын, аудармашы. Ол өзінің шығармалары арқылы қазақ халқының рухани әлеміне үлкен үлес қосқан ақын, өлеңдері халық арасында кеңінен танымал.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын»- деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған мектеп-лицейімізде «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, сөзіне жазылған әндерді шырқады.








