Жұмысшы мамандықтар жылы
Кәсіби бағдар беру
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.
Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай - ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.
Жұмысшы мамандықтарын игеруге арналған көптеген оқу орындары мен курстар бар. Оқушыларымыз сондай оқу орындарының біріне барып ақпараттанды.
Мектеп - лицейіміздің 9 сынып оқушылары жұмысшы мамандықтарымен танысу, кәсіби бағдар алу мақсатында Смағұл Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжіне барып, түрлі мамандық түрлерімен танысып, көптеген ақпараттар алды.
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып, мектеп пен колледж арасына тасымалдаушы «Қызылорда автобус паркі» ЖШС - і директоры Абдибакир Ибрагимұлына алғыс білдіреміз.







