ҚҰНДЫЛЫҚ. ИНТЕЛЛЕКТ. ДАҒДЫ
М. Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі бастауыш бірлестігінің «ҚҰНДЫЛЫҚ. ИНТЕЛЛЕКТ. ДАҒДЫ» тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы ерекше форматта өтті.
Бұл жолы қатысушылар "Құндылық", "Интеллект", "Дағды" елдеріне бөлініп, білім мен тәрбиеге толы қызықты саяхатқа шықты
"Құндылық" елі – ұлттық тәрбие, рухани-адамгершілік қасиеттер мен ізгілікке бастар жол.
"Интеллект" елі – ой ұшқырлығын дамытқан зияткерлік тапсырмалар мен танымдық ойындар алаңы.
"Дағды" елі – өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырып, шығармашылық белсенділікті арттырған тәжірибе мекені.
Онкүндіктің мақсаты – білімге қызығушылығы жоғары, ойы ұшқыр, құндылықты бойына сіңірген жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
Бұл онкүндік — бастауыш сынып оқушылары үшін білім мен тәрбие үйлескен ерекше мүмкіндік!







