When Words Shine: English Poetry in Action!

Ағылшын тілі апталығы барысында “Let English Poetry Shine” тақырыбында 5-сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Бұл байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын дамыту, сондай-ақ сахна мәдениеті мен өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

Жас қатысушылар ағылшын поэзиясының көркемдігін сезініп, өлеңдерді әсерлі интонациямен, шынайы эмоциямен орындап, өз таланттарын паш етті. Әрбір оқушы ерекше дайындықпен келіп, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жас өрендерге алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!

English poetry truly shined!