«Мақал – сөздің мәйегі» 2-сыныптар арасында IQAS форматында ұйымдастырылған мақал-мәтел сайысы жоғары деңгейде өтті.

Оқушылар мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріп, суретке қарап тапқырлықтарын көрсетті.

Кішкентай болса да, білімі терең, сөзі нық, ойы ұшқыр оқушылар нағыз зияткер екенін дәлелдеді!

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға алғысымыз шексіз!

«Тіл – халықтың қазынасы», ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік!