Бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен «Бір сабақ – бір нәтиже: жоспарлаудың құпиясы» тақырыбында мазмұнды тәжірибе алмасу өтті.

Іс-шара спикері – Өрлеу БАҰО АҚ филиалының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А. Басанова.

Кездесу барысында сабақтың нақты мақсатын қою, күтілетін нәтижеге жетудің тиімді жолдары, мұғалім тәжірибесінде қолдануға болатын практикалық әдіс-тәсілдер жан-жақты талқыланды.

Тәжірибеге негізделген, ой салатын, кәсіби дамуға серпін беретін пайдалы кездесу болды. Бір сабақтың артында – бір үлкен нәтиже бар екенін тағы бір дәлелдедік!