ЖЫР МЕН РУХ ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ
«Егер бір шумақ жыр жүрекке ой салып, бір ауыз сөз арманға қанат бітірсе ше?»
Мектебімізде қазақтың қасиетті қара домбырасын серік еткен, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, ақын Мұхтар Ниязовпен ерекше рухани кездесу өтті.
Сөз бен саз, ой мен өнер тоғысқан жүздесуде ақын оқушылармен пікір алмасып, шығармашылық жолы, ұлттық құндылықтар мен туған елге деген сүйіспеншілігі жайында сыр бөлісті.
Ақынның әрбір сөзі — ойға қозғау, әрбір жыры — жүрекке жеткен тағылым. Ал домбыраның үні — ғасырлардан жеткен ұлттың үні, халықтың рухы.
Бұл кездесу — оқушыларға рухани азық сыйлап, өнер мен сөздің қадірін терең сезінуге мүмкіндік берген ерекше сәт болды.
ЖЫР БАР ЖЕРДЕ — РУХ БАР,
РУХ БАР ЖЕРДЕ — ҰЛТ БАР!







