М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп – лицейінде 1 қазан күні «Дария жүрек, тау мүсін, Қарттарым, аман – саумысың?»атты мерекелік кеш өтті.Шараға мектебімізден зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарымыз қатысты.Ардагер ұстаздарымыз мектебіміздің бітіруші түлектері 11 – сынып оқушыларына батасын беріп, алдағы ҰБТ – ке сәттілік тіледі.
6 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Балтабаева Айзат мектебіміздің ардагер ұстазы Әбдіхалықова Шамшырақ апайды үйіне барып құттықтады. Апайға арнап оқушылар өлеңдерін айтып, ыстық ықыластарын тілектерімен жеткізді.
1 қазан күні бейнелеу өнері пәні мұғалімі мен тәлімгердің ұйымдастыруымен мектепшілік «Қарты бар ел – қазыналы» атты сурет көрмесі өткізілді.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/101-dariya-zh-rek-tau-m-sin-arttarym-aman-saumysy-atty-merekelik-kesh.html#sigFreeId7553c3f8cb







