Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы негізінде М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде жоспар бойынша іс-шаралар қорытындысы жасалып, «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» атты  5 «Б» сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі  Н.Жаппарова ашық тәрбие сағатын  өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру . Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Оқушылар «Бағдаршам» және «Жол белгілері» болып топқа бөлініп, топ бойынша  Жол  ережелерінің тәртібі мен жолда журу белгілерімен  таныстырды.

Жол белгілері (ескерту белгілері, басымдылық белгілері,тыйым салу белгілері,міндеттеу белгілері,ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері,қосымша ақпараттық белгілер)  туралы  мәліметтер айтылып, жол белгілері мен бағдаршамға байланысты өнерлерін би түрінде жеткізді. Жолда жүруге байланысты суреттер арқылы оқушылар оз ойларын ортаға салып, жол белгілерінің макеттерін таныстырды.

Іс-шараға Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны, аймақтық инспекторы Б.Тобағабылов   және мектеп инспекторы Г.Кузембаева  оқушыларға жолда жүру ережесін дұрыс түсініп, оны пайдалана білуге және оқушыларды жауапкершілікке,  жол ережесін бұлжытпай сақтауға шақырды. Іс-шара соңында оқушылардың  жүргізушілерге дайындаған үнпарақтарын оқып, инспекторлармен бірге көлік жүргізушілеріне таратты.