№15 мектеп-лицейіміздің Қызылорда облыстық телеарнасымен бірлескен  жобасы аясындағы «ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!» бағдарламасында мектеп оқушыларымыз бен ұстаздарымыз студияда «Компьютерлік психодиагностика», «Логоритмика» әдістемелік құралдардың авторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, балалар мультфильмнің авторы Сымбат Әбдрахмановамен сыр-сұхбат жүргізді.

Өнер – мәдениеттің жаны. Өнер адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер ететін құдыретті күш.  Өмір ұзақ жол десек, бірде түзу, бірде шырғалаң-бұралаң. Жақсы өмір сүре білу – өнердің биігі. Өнер адамның өмірімен қатарласа алға қарай жүреді. Осылайша, өз өмір жолын өнерімен өрнектеп келе жатқан Сымбат Әбдрахманова сұхбат барысында әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап бере отырып, өз шығармашылығымен бөлісті.