1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ!
(Сынып сағаттары)
Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.
Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді.
Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде барлық салаларда халқымыздың парасаты мен рухани құндылықтарын, ой-санасын, дәстүрі мен салтын, өнері мен мәдениетін, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол ашты.
Желтоқсанның желбіреген желі есіп, қазаққа «қазақ» екенін танытқан жылдарда ел есін жиып, етегін жинап, бесігін түзеді. Қазақ елінде тәуелсіздікті тәу етіп, болашаққа жөн сілтеп, тізгінінен тарта ұстаған дара да дана жан алға суырылып шықты. Ол – елі сүйген, елін сүйген, қазақ даласына нұрын шашқан елбасы Нұрсұлтан еді.
Мектеп-лицейімізде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында Елбасының елі үшін жасаған игі істері, өмір жолы айтылып, видеороликтер көрсетілді.
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей берсін.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/112-1-zhelto-san-t-ysh-prezident-k-ni.html#sigFreeIdff31195b19







