Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде Тәуелсіздігіміздің
30 жылдығына орай ҚҰНДЫЛЫҚ. ИННОВАЦИЯ. БІЛІМ тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алаңы өткізіліп, «Рухани құндылық» шығармашылық орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы
Ақзира Қасымова, қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймурзаева қатысып, лентасын қиды.
Іс-тәжірибе алаңының мақсаты: білім алушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін білімді, іскерлікті, дағдыны, қызметтің әмбебап тәсілдерін және білім берудің нәтижесін қалыптастырып, жұмыс істеуге мүмкіндік беру, қоғамдық дамуда өзінің іс әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін білімді тұлғаны тәрбиелеу.
Іс-тәжірибе алаңы үш бөлімге негізделген.
І бөлімі: Ізденіс. Тәжірибе. Бұл бөлім бойынша жылыжайдағы Green land ғылыми-эксперименттік алаңының ашылуы өткізіліп, Gmart garden жылыжайды автоматтандыру тәжірибелік-эксперимент жобасы көрсетілді. Ізденіс және зерттеу ғылыми шығармашылық жобалар көрмесі ұйымдастырылып, информатика пәнінен олимпиадалық есептерді С/С++ бағдарламалау тілінде шешу тақырыбында жұмыстар көрсетілді.
ІІ бөлім: Лайфхак – инновация арқауы. Бұл бөлім бойынша мектеп-лицей мұғалімдері өз пәндері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
ІІІ бөлім: Рухани құндылық шығармашылық алаңы. Бұл бөлім бойынша оқушы үні жобасы аясында «Армандар орындалады» тақырыбымен оқушылар тілек-армандарымен бөлісті. Балалар және театр мектебі аясында сахналық қойылым көрсетіліп, «Қош келдің!» медиа жобасы негізінде кері байланыс жүргізілді.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/116-ndyly-innovatsiya-bilim.html#sigFreeIdce48923f31







