ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Шымкент қаласында өткен Республикалық Ғылыми жобалар конкурсында мектеп –лицейіміздің 10 сынып оқушысы
Бакен Нұрдаулет «М.Дүйсеновтің балаларға арналған шығармаларындағы ерекшеліктер» тақырыбында жоба қорғап, жүлделі ІІІ орын және қола медаль иеленді.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрмаханова Шолпан.
Ғылыми жетекшісі: Баялиева Гүлмира Жарылқасыновна Қорқыт Ата атындағы университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті, филология кандидаты.
Оқушымызды жарқын жетістігімен құттықтай отырып, алар асуын мол, бағындырар белесің биік болсын демекпіз!
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/126-baken-n-rdaulet-m-d-jsenovti-balalar-a-arnal-an-shy-armalarynda-y-erekshelikter-ta-yrybynda-zhoba-or-ap-zh-ldeli-iii-oryn-zh-ne-ola-medal-ielendi.html#sigFreeId14b08d9715







