«Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік шара

Наурыз – күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке. Бауырмалдық, тазалық, қамқорлық, теңдік, елдік тоғысқан торқалы той.

Мектеп-лицейімізде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға ардагер ұстаздарымыз қонақ болып, жылы лебіздерін білдірді.

Мектеп-лицей жанынан құрылған әжелер ансамблі өз өнерлерін ортаға салып, жас өнерпаздар мерекелік ән шашуларын жолдады.

Наурыз мерекесіне орай  мектебіміздің жас ұстазы Ферузаның  ұлының тұсауын мектеп басшысы Кабира Ануарқызы кесіп, ақ тілегін айтты.

Мереке қарсаңында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан  мектеп  ұстаздары мектепішілік кәсіподақ комитетінің марапаттарына ие болды.

Шара барысында  ұжым, мектеп ардагерлері мерекелік дастарханнан Наурыз көжеден дәм татып,үлкендердің  батасын алды.