Құрметті қауым! Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу-сауапты іс. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар.

Халқымыз үш түрлі әрекетті теңдесі жоқ сауап деп білген. Оның біріншісі — шөлге құдық қазу, екіншісі — өзенге көпір салу, ал үшіншісі — жерге ағаш егу. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні осындай сауапты істі қолға алып, мектеп-лицейімізің жанына мектеп директоры Кабира Ануарқызының бастамасымен  мәуелі жиде ағаштары отырғызылды.

Рамазан – жақсылық айы. Оразада әрбір жақсы амалдың сауабы еселе­ніп жазылады. Он екі айдың сұл­таны – рамазан құтты,әрбір ісіміз берекелі болсын!