🏢№15 мектеп-лицейімізде бүгін ашық есік күні өткізілді.
✅Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
✅Бүгінгі-шуақ,ертеңгі-шапағат.Балауса балғын жас ұрпаққа жасалған қамқорлық-ел ертеңі үшін қалаған берік іргетас.
✅Сыр өңірінде республикалық «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» ұранымен акция 2022 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін жалғасын табады.
✅Бүгінгі “Жақсылық жасауға асығайық” қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысқан демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз!
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/136-ashy-esik-k-ni.html#sigFreeId9d7cba47b0







