✅Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап отырғаны баршаға мәлім. Мұндағы мақсат - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау.

   ✅Қасым - Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, - деп баса айтты. Бұл жалпыұлттық міндет біздің де назарымыздан тыс қалып жаткан жоқ.

   🏢№15 мектеп-лицейімізде  «Бар мейіріміміз балаларға» атты іс-шара өткізілді.

   ✅Шара барысында ұжымдағы ұстаздар мен қызметкерлердің 1 сыныпқа баратын бүлдіршіндеріне және егіз балаларына мектеп-лицей кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен сертификаттар табысталып, мектеп-лицей директоры Г.Ануарқызы жүрекжарды тілегін айтып, сәттілік тіледі.