Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар! Ардақты ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!
Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман-мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Осы мақсатқа жету жолында мектеп-лицей ұжымы қажырлы еңбек етуде.
Мектеп-лицейімізде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбындағы салтанатты жиын өткізілді.
Мектеп-лицей директоры Г.Ануарқызы жаңа оқу маусымында мектеп-лицейіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған 5 сынып оқушыларына құтты қадам тілеп, өткен оқу жылында болған жемісті жетістіктерімізге шолу жасады.
Мектеп-лицейіміздің ардагер ұстазы Үміт Қажығалиқызы, Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбайқызы мерекелік тілектерін айтып, барша ұстаздарға, оқушыларға сәттілік тіледі.
Шара мектеп оқушыларының білім күніне арналған өлең шумақтары және ән шашуларымен жалғасты.
Бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/140-1-yrk-jek-bilim-k-ni-tty-bolsyn.html#sigFreeId2bcae37ed3







