Ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту арқылы сапалы білім беру жолдарын қарастыру, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, Мәңгілік елдің бәсекеге қабілетті тұлғасын тәрбиелеу мақсатында мектеп-лицейімізде ата-аналарға арналған АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізілді.  

Шара барысында ата-аналар 2021-2022 оқу жылындағы ғылыми жоба жұмыстары, робототехника, сурет, көркем өнер шеберлері, «Жасыл мектеп» жобасы аясындағы  көрмелермен танысты.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ақынның өлеңдерін жатқа оқып, «Мектеп театры» жобасы аясында би-шешендердің сөздерінен қойылым қойды.  

Ата-аналар мен пән мұғалімдері арасында  педконсилиум өткізілді. Әр сыныпқа сабақ  беретін пән мұғалімдері оқушылардың оқу үлгерімі бойынша айтып өтті.

Шара сынып жетекшілердің  ата-аналармен 2022 – 2023 оқу жылының оқу – тәрбие үрдісіндегі  мақсаттары мен міндеттері туралы және бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың рөлі туралы пікір алмасуымен жалғасты.