Ұлы іс- ұсақтан ұлғаяды.

Бүгін «Ізденіс жасыл» академиясында мектепішілік ғылыми практикалық семинар өтті.

Шағын жылыжайымызда оқушыларымыз биология сабағынан практикалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізе отырып, өз қолдарымен экологиялық тап-таза, дәрумендерге бай көкөністерді өсіру жолдарын таныстырды. Сонымен қатар көкөністерді күтіп-баптаудың жолдарын көрсетті.

Семинар соңында оқушылар жылыжай өнімдерінен салат жасап, келген қонақтарға шәй берілді.