Сайыс тақырыбы бойынша Б.П жаһанданудың қоғамдағы пайдасы мен зияны. Дебаттың мақсаты оқушының еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар,бағыттар туралы түсініктерін кеңейту. Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер,материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
🎗Оқушылар «Орда» және «Карлан» командалары болып сайысты
«Орда» командасы:Ибрагим Т. , Әуелхан Б.
«Карлан» командасы: Есен Ж. , Марал К.
Тайм Киппер әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алды.
Төреші сайыс ережелерімен таныстырды. Сайыс тартысты да, қызықты деңгейде өтті. Екі топ өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шықты. Тапқырлығымен,дәлдігімен,оза шыққан тобы жеңімпаз ретінде марапатталды. Үздік топ, үздік спикер номинациялары берілді.







