Мектеп-лицейімізде қоғамдық дамуда өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін білімді тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық құндылық. Кемел болашақ» атты облыстық білім басқармасының қатысуымен ата-аналармен бірлескен ашық есік күні өткізілді.
Мектебімізде балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп», «Балалар және театр», «Ұшқыр ой алаңы» дебат қозғалысы, «Мектеп парламенті», «Жылыжай жасыл академиясы» жобалары жүргізілуде.
Келген қонақтар жобалар аясындағы іс-шара жұмыстарымен таныса отырып, қолөнер көрмесі мен ұлттық спорт ойындары, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ зиялыларының ұлағатты сөздерінен үзінді тыңдай отырып, «Балалар және театр» жобасы негізінде Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан сахналық қойылым тамашалады.
Сонымен бірге, жылыжайдағы «Ізденіс» жасыл академиясының іс-тәжірибесімен бөлісіп, жылыжай ішін автоматтандыру жұмыстарымен танысты.
Шара соңында Қазақстан Қызылорда телеарнасымен бірлескен «Қош келдіңіз!» медиа студиясында оқушылар ашық есік күнінің қонақтармен сұхбат жүргізе отырып, пікір алмасты.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/149-ltty-ndyly-kemel-bolasha.html#sigFreeIdc5dc25fc4f







