Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл қазақ елінің ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. Мектеп- лицейімізде қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу және сақтау  мақсатында «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында мектеп басшысы және ардагер ұстаздар мерекелік жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді. Оқушылар ұлттық спорттық ойын түрлерін көрсетсе,  бітіруші түлектер тал отырғызды. Мерекелік шарада ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін дәріптейтін салт-дәстүрлерден, атап айтатын болсақ, қыз ұзату, беташар, тұсау кесерден көрініс көрсетіліп, қазақ қыздарының ұлттық киімінен сән үлгісі тамашаланды. Мектеп әжелер хоры, мектеп  жастар хоры және өнерпаз оқушылар  өнерлерін ортаға салды. Шара соңы Наурыз көжеден дәм татумен жалғасты.