Қарттар - тарих, казына, ел қазығы. Ел-жұрты үшін, біздер жас ұрпақ үшін өмір бойы күресіп келген қарттарымыз еліміздің казынасы. Бұл кісілер өткен тарих пен қазіргі заманды байланыстырушы ақылшы, данамыз.
Біз қарияның сөзі халықтың сөзі деп үйренгенбіз. Осы ұлы дәстүрді жаңаша жаңғырту, заман болмысына қарай тәрбиелік-тағылымдық үрдіске айналдыру біздің алдымыздағы абзал мақсаттардың бірі болып қала бермек.
Бүгін қарттар мерекесіне орай қалалық білім бөлімі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының мектеп-лицейімізбен бірлескен “Қарттарым – елдің данасы” атты мерекелік кеш өткізілді.
Салтанатты кешке облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаты, «Ерен еңбек иегерлері», мектептің ардагер ұстаздары қонақта болды.
Кеш барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы және қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынша Міржақыпқызы ардагер-ұстаздарымызды, білім беру саласында еңбекпен егіз ғұмыр кешіп, еңбектерін ел мойындаған қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсарин төсбелгі иегерлерін құттықтап, мерекелік жүрекжарды тілектерін айтып, сый-сияпат көрсетті.
Ардагер ұстаздарға мектеп ұландары мерекелік жыр шумақтарын арнап, жас әншілеріміз ән-шашуларын шашты.
Құрметті де қымбатты ардагер-ұстаздар!
Ерен еңбектеріңіз, ержүрек батырлықтарыңыз ел есінде мәңгі қалады. Жас ұрпақ, сіздерге бас иіп тағзым етеді. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбастарыңызға амандық тілейміз.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/151-arttarym-eldi-danasy.html#sigFreeId5ecb8907b6







