#15mektep_lisei

#bilim_kzo

#birtytas_tarbie

Мектеп-лицейімізде 2024-2025 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі өткізілді.

Мектеп басшысы Кабира Әнуарқызы күн тәртібіндегі мәселелермен таныстыра отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көшербай Төлегенұлы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұны мен 2024-2025 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары мазмұны жайында таныстырды.

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2024-2025 оқу жылындағы ерекшеліктерімен оқу ісінің орынбасары Мұхтар Жиенәліұлы таныстырып, әдістемелік нұсқау хатқа тоқталды.