Мектеп - лицейімізде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Отбасы күніне орай апталық жұмыстар жүргізілуде. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы - ата - ана.
Мектебімізде «Тәрбие отбасынан басталады» атты ата - аналар жиналысы өткізілді.
Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу - тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын жүзеге асырылуда.
Құндылықты қалыптастырудағы жүйелі жұмыстың бірі «Өнегелі 15 минут» - ата - аналардың баласымен мінез - құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі болып табылады.
Жиналыс барысында ата - аналарды 2024 - 2025 оқу жылындағы кешенді жоспармен таныстыра отырып, мектептің ішкі тәртіп ережесі, қауіпсіздік ережелері айтылды.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/157-t-rbie-otbasynan-bastalady.html#sigFreeId2be7107e65







