«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»

Сала мамандарымен өткізілген семинар

АНЫҚТАМАСЫ

«Дұрыс тамақтану - дене белсенділігі» тақырыбында №6 емхана мамандарымен және мектеп медбикесімен семинар өткізілді. Семинар барысында оқушыларға «Дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Дене белсенділігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шараның басты міндеті денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға ұстамдылықты қалыптастыру жөнінде оқушылардың білім деңгейін арттыру болып табылады. Оқушылардың дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке және қоғамдық гигиена, шылымқорлықтың, ішімдікті, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың алдын алу бойынша үнпарақтар таратылды.