Дені сау баланы өсіру үшін оның толық тәрбиесі мен дамуына жағдай жасау керек. Баланың денсаулық жағдайын, оның физикалық және ақыл - ой дамуын анықтайтын негізгі факторлардың бірі - оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру. М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп - лицейінде тегін және жеңілдетілген тамақты ұйымдастыру және тамақтандырудың сапасын тексеру жөнінде құрылған комиссия мүшелері асхана жұмысына мониторинг жүргізді.

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның міндеттері:

- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;

- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;

- өнімдерді өткізу мерзімдерін;

- тамақ дайындау сапасын;

- тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;

- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.

Мониторинг нәтижесінде оқушылардың тамақтануына жағдай жасалынған, тамақтану залы санитарлық - гигиеналық талаптарға сай. Бекітілген мәзір бойынша дайын тағамдардың дұрыс салынуы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген.

Бала денсаулығы - ұлтымыздың таптырмас байлығы, болашағы, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мектеп ұжымы және комиссия құрамы үшін басты назарда.