ТІЛ - ДОСТЫҚТЫҢ КӨПІРІ!
5 қыркүйек - Тіл мерекесі күні!
Қазақстан халқы тілдері күні - 5 қыркүйекте атап өтілетін мемлекеттік мереке.
2017 жылы күзде үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мұның себебі - 5 қыркүйек - қазақ халқының Тәуелсіздігі үшін күресіп, Тіл ғылымының негізін салған Алаштың рухани көсемі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Мектеп - лицейімізде тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен Тіл мерекесіне орай, «Тіл - достықтың көпірі» атты тілдер апталығының ашылуы өткізілді.
Шара барысында оқушылар А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, үш тілде жыр шумақтарын оқыды.
Алдағы уақытта жоспар бойынша жұмыстар өз жалғасын таппақ.