ҚАРТЫ БАРДЫҢ - ҚАЗЫНАСЫ БАР
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ұрпаққа ізеттігін аямайтын, ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттарымыздың орны қашанда ерекше.
Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде 1 қазан - Қарттар мерекесіне орай оқушылар бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата - бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында "Қарты бардың - қазынасы бар" тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылып, оқушыларымыз өнерін көрсетіп, ата - әжелерінің ақ батасын алды.