Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.
Мектеп-лицейімізде Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №3123 санды хатына сәйкес «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында
Қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Исахожаева Арайлым;
ҚПБ ЖПҚб УПИ-ры полиция капитаны Бекишев Ерсұлтан;
қалалық полиция басқармасы ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция капитаны М.Нағашыбаев бала тәрбиесі туралы, құқықбұзушылық және оны алдын алу жұмыстары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/194-ata-ana-bala-t-rbiesindegi-basty-t-l-a.html#sigFreeIdd63a27bc3f







