Мектеп-лицейімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Мұстақұл, мектеп психологтары М.Тасмағамбет, С. Жусупова оқушыларға «Құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қысымға ұшыраған балаға қалай көмектесу қажет екені түсіндірілді. Бала біреу оны ренжіткен болса, ол бұл туралы мұғалімдерге немесе ата-анасына айтуға құқылы екенін анық білуі керек.
Буллингке ұшыраған бала ата-анасына немесе мұғалімдеріне не болып жатқанын өте сирек жағдайларда айтады. Сондықтан баламен ашық диалог құрып, көп сөйлесу қажет. Балаға психологиялық және эмоционалдық қолдау жасап, оның жағында екеніңізді сезіндіруіңіз керектігі айтылды.
Мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарға, оқушыларға мектептің дәлізінде «Komek Stop Bullying» жобасының Qr-коды орналастырғаны айтылды. Оқушыларға буллингке тап болған жағдайда мектеп қабырғасына ілінген Qr-коды арқылы әр оқушы өзінің жай-күйін, мәселесін білдіре алатынын айтылды.